Ақпарат ағыныБасты ақпарат

Ордабасы ауданының ауылдық жерлерінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және агроөнеркәсіптік секторды дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.

0

Ордабасы ауданының ауылдық жерлерінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және агроөнеркәсіптік секторды дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама тұрғындарға қаржылай және инфрақұрылымдық қолдау көрсетіп, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, өнім өндіру көлемін арттыруға бағытталған.

2024 жылы бағдарламаның ІІІ кезеңіне Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл, Бөген ауылдық округтері енгізілді. 2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен жалпы 29 жобаға 152,2 млн теңге қаржыландырылды. Сонымен қатар, аталмыш 4 ауыл округінде 6 ауыл шаруашылығы кооперативі (АӨК) құрылып, 141,2 млн теңгеге қаржыландырылды.

Атап айтсақ:

  • Шұбарсу ауыл округінен «Алан Нұр» АӨК – 29 млн. тг;

  • Төрткүл ауыл округінен «Төрткүл — Құс» АӨК – 22 млн. тг;

  • «Төрткүл – Балық» АӨК – 30 млн. тг;

  • Бөген ауыл округінен «Бөген 2030» АӨК – 20 млн. тг;

  • Қажымұхан ауыл округінен «Бейнетқор» АӨК – 20,2 млн. тг; «ЕлнұрАйдар» АӨК – 20 млн. тг.

Бағдарлама аясында ауыл тұрғындарына арналған арнайы жылыжай кешендері де іске қосылды. Мысалы, Шұбарсу ауыл округінде 15 гектар жерге жылыжай инфрақұрылымы жүргізіліп, 42 азамат жылыжай салуға ниет білдірді. Соның 30 азаматы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5%-бен 250 млн теңге несие алып, қазіргі таңда өнімдерін нарыққа шығарып отыр.

«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын қолдау, олардың әл-ауқатын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдық жерлердің экономикалық дамуына ықпал ету. Бағдарлама нәтижесінде тұрғындар табысын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін көбейтуге мүмкіндік алды.

Аудан әкімдігі мен ауылдық округтердің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан бұл бағдарлама Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. Ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен жаңа кәсіпкерлік жобалар ашылып, өнім өндірісі артқан сайын, аудан экономикасының тұрақтылығы нығая түседі.

Қорытындылай келе, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Ордабасы ауданы үшін тек әлеуметтік көмек қана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін стратегиялық құрал болып отыр.

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты – мал шаруашылығы.

Алдыңғы

Ордабасы ауданының жалпы ауылшаруашылық жер көлемі 216,3 мың гектар болса, оның 88,1 мың гектары егістік жерлерге арналған.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *