Басты ақпарат

Ордабасы ауданының «Ауыл аманаты» бағдарламасы: ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолындағы қадамдар

0

Ордабасы ауданы 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін нығайтуға бағытталған.

2024 жылы бағдарлама аясында скрининг жұмыстары жүргізіліп, ІІІ-кезеңге Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтері енгізілді. 2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жоба – 152,2 млн теңге қаржыландырылды. Сонымен қатар, аталған ауыл округтерінде 6 АӨК құрылып, 141,2 млн теңгеге қаржыландырылды. Мысалы:

  • Шұбарсу ауыл округінен «Алан Нұр» АӨК – 29 млн тг;

  • Төрткүл ауыл округінен «Төрткүл – Құс» АӨК – 22 млн тг;

  • «Төрткүл – Балық» АӨК – 30 млн тг;

  • Бөген ауыл округінен «Бөген 2030» АӨК – 20 млн тг;

  • Қажымұхан ауыл округінен «Бейнетқор» АӨК – 20,2 млн тг; «ЕлнұрАйдар» АӨК – 20 млн тг.

Бағдарлама аясында жылыжай кешендерін салуға ерекше назар аударылды. Шұбарсу ауыл округінен арнайы жылыжай кешеніне 15 гектар жер телімі бөлініп, инфрақұрылым жүргізілді. 42 азаматтың 30-ы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5%-бен 250 млн теңге алып, қазіргі таңда жылыжайларын іске қосып, өнімдерін нарыққа шығаруда.

Бұл бағдарлама тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жылыжайлар мен АӨК арқылы алынған өнімдер халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсартады, жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді және ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Ордабасы ауданы үшін ауыл тұрғындарын қолдаудың нақты көрінісі болып табылады. Мемлекеттік қолдау арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында нақты қадамдар жасалуда.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға қаржылай қолдау алды.

Алдыңғы

Инвестициялар да егістік алқаптарды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *