Басты ақпарат

ORDABASY: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АЙРЫҚША АТАЛЫП ӨТТІ

0
⚜️ Аудан орталығындағы саябақта 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай “Рақмет саған Отаным” атты салтанатты шара болып өтті.
⚜️ Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген шуақты мейрам көшет отырғызу акциясымен бастау алды. Аудан әкімі Азат Оралбаев бастап, мәслихат төрағасы, халық қалаулылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қоштап бір-бір көшеттен отырғызды.
⚜️ Сондай-ақ ауданда тұрып жатқан ұлт өкілдері алғыс дастарханын жайып, ұлттық тағамдарын ұсынып, қазақ халқына алғыстарын білдірді.
⚜️ Салтанатты шарада аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау сөз сөйлеп, жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.
⚜️ Өз кезегінде ауданның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйлеп, тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және гүлденген өмір үшін өз алғыстарын білдірді.
⚜️ Мерекелік шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
🔘 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Кафедра ЮНЕСКО: III Зимняя школа PR

Алдыңғы

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *