Басты ақпарат

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЖЕТІСАЙДАҒЫ БІЛІМ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

0
Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар нысанның жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Ең алдымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысанының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлермен құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Бұл ретте жұмыс сапасының ақсамауын ескертіп, мектептің құрылысын 2025 жылдың мамыр айында аяқтауды тапсырды.
✔️Заманауи білім ордасының құрылысын «Bazis Construction» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылысы 2023 жылдың тамыз айында басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 53% орындалған. Құрылыс алаңында 74 адам жұмыс істейді. Жалпы алаңы 2250 шаршы метр жерде орналасқан нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Жоба құны 8,5 млрд. теңгені құрайтын білім ұясына тиесілі жер телімінің алаңы – 4 гектар.
✔️Одан соң, өңір басшысы «Камилжон» шаруа қожалығының ерте егілетін қырыққабат дақылының егіс алқабымен танысып, жергілікті шаруалармен кездесті. Кездесуде салаға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтарға жауап алды.
✔️1996 жылы құрылған бұл шаруашылықтың егіс көлемі 80 гектарды құрайды. Өткен жылы жылы егістік алқабына 8 га қырыққабат дақылын тамшылатып суғару әдісімен, 72 га мақта дақылын дәстүрлі әдіспен еккен. Қырыққабаттан 35 тонна өнім алып, өнімді Ресей мемлекетіне экспорттады. Ал мақтадан 30 центнер өнім алды. Аталған шаруа қожалығы 2025 жылы егістік алқабына 15 гектарға қырыққабат дақылын тамшылатып суғару әдісімен егіп, 6 гектарға қарбыз дақылын тамшылатып суғару әдісіменен, 59 гектарға мақта дақылын дәстүрлі әдіспен егуді жоспарлап отыр. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
✔️Сонымен қатар облыс әкіміне «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналы таныстырылып, өзекті мәселелері айтылды. Канал 2011 жылы салынған. Аталған каналдың жалпы ұзындығы 28,9 шақырымды құрайды. Оның 4,8 шақырымы бетондалған, 13 шақырымы су жеткізуші канал (Шардара-ГНС-1), бетондауды қажет ететін бөлігі – 10,1 шақырым. Бүгінде аталған аймақтың су өткізу қабілеті төмендеген. Жыл сайын «Қазсушар» РМК тарапынан арнайы техникамен құлаған жақтауларға топырақ төсеп, нығыздау жұмыстарын жүргізуде. Алайда бұл жұмыстар каналды тек уақытша ұстап тұруға жарамды. Канал 86,7 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.
✔️Іссапар соңында Нұралхан Көшеров «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналының №1 су сорғы насостық станциясында болып, су арнасының жағдайымен танысты. Ирригациялық жүйенің қуаттылығы секундына 60 текше метр суды құрайды. Бұл ауқымы 86,7 мың гектар болатын жер шаруашылығын суаруға жеткілікті. Вегетациялық кезеңде, жалпы 12 насостың 3-еуін ғана қосуға мүмкіндік болып, небәрі 10-12 м3/с ағын су беріледі. Ағын сумен қамтамасыз етуге қиындық туындайды.
✔️Жұмыс сапары барысында өңір басшысы құрылыс саласындағы мәселелерді шешу, ауыл шаруашылығын дамыту және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 1200 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *