Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар ауыл кәсіпкерлеріне өз ісін дамытуға зор мүмкіндік беріп отыр. Солардың бірі – аудан орталығы Темірланда табысты еңбек етіп отырған, «Елнұр-Айдар» өндірістік кооперативі.
Агроном мамандығын игерген Елнұр Сайдазимов субсидияланатын жұмыс орындарының арқасында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жылыжай шаруашылығын дамытып отыр.
Заманауи технологиялар мен табиғи тыңайтқыштарды пайдалану арқылы лимон, мандарин, құлпынай, алма өсіріп, сапасы жоғары, экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде.
Елнұр Сайдазимовтің бұл табысы – еңбекқорлық пен жаңашылдықтың, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланудың жемісі.
«РАМАЗАН-АГРО» ЖШС – МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ
Comments