Ақпарат ағыны

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен осы ағымдағы жылдың 6 қазанында жалпы ұлттық референдум өтетін болды.

0

Онда Қазақстанда АЭС ,яғни атом электр станциясын салу мәселесін халықтың талқысына салу,қолдау немесе қолдамауды дауысқа салып шешу күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қаралмақ. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылық жұртшылықпен бірлесіп жасалуы керек.Атом электр станциясы туралы да дәл солай референдумда қаралып, шешілуі тиіс. Референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне де бір жылдай уақыт болды.Бұл халқымыздың жан-жақты ойланып,салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім. АЭС салу және пайдалану өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, жұмыссыздықты азайтуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Сондықтан да, құрметті жерлестерім, біздің міндетіміз еліміздің жарқын болашағы үшін алдағы 6 қазан күні өтетін референдумға белсенділік танытып, өз таңдауларыңызды дұрыс жасауға шақырамыз.

Жәкей Бостандық Бөпешбайұлы,

Ордабасы аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Арыс және Ордабасы аудандарының «Құрметті Азаматы «.

🤼‍♂️ ГРЭПЛИНГТЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ.

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *