Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов мектептердің жылыту маусымына дайындығын жіті бақылауында ұстап отыр. Апта басында өткен аппараттық жиында тиісті орынбасарларына және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына білім ошақтарына қатты отынның тиісті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ балабақшалардың қысқа дайындығына мониторинг жүргізуді жүктеді.
Айта кету керек, ауданда мемлекеттік 66, жекеменшік 2 мектеп бар. Мемлекеттік мектептерді 8-і газбен, 56-сы қатты отынмен жылытылады. 2-уі сұйық отынға өткен. Ал, жекеменшік екі мектептің біреуі қатты отынмен, біреуі газбен жылытылады.
Қазіргі таңда 8 мың тоннадан астам қатты отын дайын тұрса, қалған мың тоннадан астамы жуық арада алынатын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Comments