«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Байдуллаұлы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Қ.Туреев, Төрткүл ауыл округі әкімінің орынбасары Н.Құдияров, бас маманы Б.Сапарбеков және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «AMANAT» партиясы Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Төрткүл ауылындағы 300 орындық мектептің және Қызылжар ауылындағы «Қызылжар» жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының бүгінгі күнгі жағдайымен танысты.
Төрткүл ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы 2020 жылы басталған болатын, мектептің жобалық сметалық құны 2018 жылы жасалған. ЖСҚ бойынша құны 972,09 млн. теңгені құраған. Осыған байланысты 2020 жылы мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жарияланып, «Build Stroi» ЖШС-і мердігер болып танылған. 2021-2022 жылдарға 488,4 млн. тенгенің қаражаты жұмсалған, алайда құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімінен кешіккеніне байланысты мердігер мекемемен келісім шарт бұзылған. Оған себеп қажетті құрылыс заттар бағасының қымбаттауы. Сосын Төрткүл елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттамаға қайта түзету жасақталып, жеңімпаз мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС-мен 2023 жылғы 24 желтоқсанда келісім-шарт түзілген. Конкурстық құны – 1 190,3 млн.тг. 2024 жылға – 642,3 млн.тг қаралған. Қазіргі таңда нысанның іргетасына қосымша күшейту, шатырын жабу, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 40-қа жуық жұмысшы жұмыс істеуде. Нысанның дайындығы: 55 пайыз. Төрткүлдегі жаңа мектеп ғимаратын ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланған.
Қызылжар ауылындағы «Қызылжар» жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша оқу корпусы құрылысы 2020 жылы басталған, мектептің жобалық сметалық құны 2018 жылы жасалған. ЖСҚ бойынша құны 780,33 млн. теңгені құраған. Осыған байланысты 2020 жылы мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жарияланып, «Turan Energo Group» ЖШС-і мердігер болып танылған. 2021 жылы 260 млн. тенгенің қаражаты жұмсалған, алайда мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімінен кешіккеніне байланысты, мердігер мекемемен келісім-шарт бұзылған. Оған себеп қажетті құрылыс заттар бағасының қымбаттап кетуі. Сосын Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысының жобалық сметалық құжаттамаға қайта түзету жасалып, жеңімпаз мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС-мен 2023 жылғы 15 желтоқсанда жалпы құны – 1 510,6 млн.тг. келісім шарт түзілген. 2024 жылға – 1 181,9 млн.тг қаралған. Мектепті 2024 жылы тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда нысанның қабырғасын қалау жұмыстары жүргізілуде. 30-дан астам жұмысшы жұмыс жасауда. Нысанның дайындығы: 45 пайыз. Қызылжардағы мектептің қосымша оқу корпусы осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Комиссия мүшелері құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда болатынын айтып, жұмысты сапалы мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген құрылысқа партиялық бақылау бекеті орнатылған.
Comments