Басты ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

0
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданы Темірлан ауылына арнайы келіп, «Шапағат» әлеуметтік көмек көрсету орталығында кездесуден бастады.
Парламент қабырғасында Ерлан Тұрсынбайұлы бүгінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың мүддесін қорғау Парламентте ерекше назарға алынып, «AMANAT» партиясы жанынан “Инклюзивті Парламент” жұмыс тобының атқарған жұмыстарын айтты.
Жиынға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделіп, ықпалды Парламенттің рөлін халық сезініп жатқандығын және Ордабасылықтардың мәселелерін шешу үшін Орталық мемлекеттік органдарға ықпал еткені үшін Ерлан Тұрсынбайұлына алғысын жеткізді.
Кездесу ары қарай Ордабасы аудандық орталық ауруханасында жалғасты. Аурухана басшысының міндетін уақытша атқарушы Сырлан Кенжеев аурухананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, ауданаралық көпбейінді аурухана құру бойынша жұмыстарын баяндады. Мәжіліс депутаты Республика бойынша ауданаралық көпбейінді 32 аурухананың бірі Ордабасы ауданында екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты «Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейіне» барды. Даңқты палуанның экспонаттарымен танысып, ұжымның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі!
Кездесу соңында Ерлан Тұрсынбайұлы мұражайдың Құрметті қонақтар кітабына өзінің қолтаңбасын қалдырды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *