Ақпарат ағыны

«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА»: ДЕЛДАЛ ҚАЖЕТ ЕМЕС

0

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Оның шеңберінде барлық кәмелетке толмаған қазақстандықтарға жыл сайын ҚР Ұлттық қорының 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% теңдей үлесте есептелетін болады.

Балалардың заңды өкілдері есептелген алғашқы қаржы туралы ақпаратты 2024 жылдың ақпан айында egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен көре алады.

Бірақ қазірдің өзінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кәмелетке толмаған балалардың деректерін Мемлекеттік базаға Ұлттық қордан бөлінетін қаражат есептелуі үшін белгілі бір көлемдегі ақыға енгізу қызметтерін ұсынатын «пысықайлар» пайда болуда. «БЖЗҚ» АҚ делдалдық қызметтер туралы таратылатын осындай хабарландыруларды елемеуге қатаң кеңес береді. Балаларыңыздың деректерін тексеріп, енгізуді өзіңіз де тегін және өз бетіңізбен, еш қиындықсыз іске асыра алатыныңызды есте ұстаған жөн. Ол үшін ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Қазірге жасалуы тиіс жалғыз маңызды нәрсе – балаңыздың деректерінің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар болуын және олардың дұрыстығын тексеру. Бұл мәліметтердің egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіңізде тіркелгенін тексеру. Егер сіздің жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізіңіз. Ол саусағыңыздың бірнеше қимылымен-ақ жүзеге асырылады.

БЖЗҚ бағдарламаға қатысушылардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне делдалдардың қызметіне жүгіну арқылы бейтаныс адамдарға жеке деректеріңіз бен балаларыңыз туралы мәліметтерді құйтырқы мақсатта пайдалануға жол берулеріңіз мүмкін екенін ЕСКЕРТЕДІ.

Сіз зейнетақы жинақтарын алу мен аударуға қатысты барлық сұрақтарға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да алып, ақпараттың сенімділігін:

көп арналы тегін байланыс арқылы,  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы;

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тексере аласыз.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«НАЦФОНД — ДЕТЯМ»: ПОСРЕДНИКИ НЕ НУЖНЫ

Алдыңғы

Онлайн-услуги ЕНПФ остаются в приоритете

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *