Ақпарат ағыны

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына қатысушыларға нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар қалай есептелді?

0

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы басталды және 1 ақпаннан бастап БЖЗҚ-ға Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балаларға Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелді.

Бағдарламаға 6 919 131 бала (01.01.2006 ж.бастап 31.12.2023 ж. дейін туған) қатысты, оның ішінде 304 815 қатысушы (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған) 2024 жылы 18 жасқа толады.

Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары және 52 цент есептелді.

Бұл сома қалай есептелді?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен БЖЗҚ мынадай ақпаратты алды: Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жылдық мәнде 1,39 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірісі. Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі 2,60% (АҚШ долларымен) болды.

Ұлттық инвестициялық кірістің 50% – бұл 2024 жылы есептелетін нысаналы талаптар сомасы — 695,5 миллион АҚШ доллары.

БЖЗҚ-ның «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алған мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарының тізімі қалыптастырылды. Оның құрамына 6 919 131 бала кірді, оның ішінде 2024 жылы 18 жасқа толатын 304 815 қатысушы да бар.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% мөлшері (695,5 млн АҚШ доллары) Бағдарламаға қатысушылардың санына (6 919 131 бала) бөлінді және олардың әрқайсысы 100,52 АҚШ долларын алды. Бұл алғашқы есептеулер, жыл сайын Ұлттық қор активтерінің өсуі мен инвестициялық кірісі есебінен қаржы ұлғаятын болады. Бұдан басқа, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады. Одан Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс түсіп отырады.

Баланың «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатыса алатыны туралы ақпаратты, сондай-ақ, оған есептелген нысаналы талаптарды кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, egov.kz порталындағы Жеке кабинетте баланың ЖСН бойынша тексере алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2023 жылы 3,2 триллион теңгеге ұлғайды

Алдыңғы

Как рассчитывались целевые требования и целевые накопления участникам программы «Национальный Фонд – детям»

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *