Басты ақпарат

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІ-ШІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
Ордабасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымындағы сайланған Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті.
Сессияны мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтсақ, Арыс өзенінің бойына орналасқан аллеяға «Шәмші Қалдаяқовтың» есімін беру туралы, Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №10/1 «2024-2026» жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдады.
Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Азат Оралбаев депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғысын айтты.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Алдыңғы

АУДАН ӘКІМІ АЗАТ ОРАЛБАЕВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН МЕМОРАНДУМҒА ТҰРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *