Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Ордабасы ауданының қоғамдық кеңесінің отырысы Темірлан ауылы, аудан әкімінің ғимаратында 2024 жылдың 23 шілдесінде сағ 11-00 де өтеді.
Күн тәртібіне мынадай мәселелер ұсынылады:
1.Бөген ауыл округі әкімінің есебі.
/Хабарламашы: Д.Қаныбеков- Бөген ауыл округі әкімі/
2.Қараспан ауыл округі әкімінің есебі.
/Хабарламашы: Н.Умаров- Қараспан ауыл округі әкімі
3.Төтенше жағдайлар бөлімінің есебі.
/Хабарламашы: Ж.Қоспанов- Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы/
- «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №10/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
/Хабарламашы:А.Сихымбаева- Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы/
- «Ордабасы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
/Хабарламашы:А.Талдыбаев-:Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы/
6.Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №14/9 «Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы»
/Хабарламашы: А. Ахметов- Аудандық мәслихат аппаратының басшысы/
Қоғамдық кеңес төрағасы: Б.Б.Бекбосын
Comments