Ақпарат ағыны

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Қаржылық мониторинг агенттігінде бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды

0

Алқа отырысында есепті кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы жетілдіру және экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру бойынша жұмыс жүргізілгені атап өтілді.


Бюджеттік кредитті заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану, бухгалтерлік есеп, экономикалық контрабанда туралы заңнаманы бұзу және кедендік баждарды төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстарды қылмыссыздандыру арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуді қосымша ынталандыру бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде.


Қаржылық мониторинг органдарының қызметі қылмыстық қудалау орбитасына адал бизнесті негізсіз тартуға жол бермеуге бағытталған.
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік органдардың бизнес қоғамдастықпен өзара іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған 36 ақпараттық жүйе енгізіліп, жаңғыртылды.
Бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелеуі анықталды. Агенттіктің бастамасы бойынша олардың құны 45 млрд теңгеге төмендетілді.


19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды.
Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді.
Жаңа технологиялар саласында крипто құралдарын қылмыстық мақсатта пайдалану мониторингі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді. Тәуекелдерді секторлық бағалау жүргізілді және оларды азайту жөніндегі тиісті шаралар жоспары бекітілді. Қазақстан виртуалды активтер бойынша ФАТФ тобына қосылды.


Агенттік Төрағасы қызметкерлерді жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде кадрлық әлеуетті дамытудың және меритократия қағидатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Қорытындылай келе, Дмитрий Малахов көлеңкелі экономикаға қарсы күрес саласында бюджет қаражатын ұрлауды, контрабанданы, есірткі бизнесін және ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруды анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ адал бизнесті дамыту үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуді және кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тартудан қорғауды тапсырды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

БЖЗҚ-дан жасына, мүгедектігіне және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін қалай рәсімдеуге болады?

Алдыңғы

Ордабасы аудандық мәслихат төрағасының ШЕШІМІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *