Ақпарат ағыны

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі 11 айдағы таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асты

0

2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 468,54 млрд теңгеге немесе 60,3% артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық жыл басынан бері 01.12.2023 ж. жағдай бойынша 8,11% құрады.

Инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық кірісті алу мақсатында зейнетақы активтерін басқарушылар болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін ҚР-да және шетелде экономиканың түрлі секторларының әр түрлі қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, портфельді әртараптандыру арқылы 11 ай ішінде оң инвестициялық табыс алынды.

Атап кетейік, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңіне талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, айлық және т.б.) индикативті емес, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Көптеген қызықты және пайдалы ақпарат, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатты  —  БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.

 

 

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

          

 

 

 

Чистый инвестиционный доход вкладчиков ЕНПФ за 11 месяцев с начала года составил более 1,2 трлн тенге

Алдыңғы

Новый порядок перевода из ЕНПФ пенсионных накоплений в страховые организации по договору пенсионного аннуитета

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *