Ақпарат ағыны

Баспасөз аңдатпасы

0

2025 жылғы желтоқсанның 4-нде сағат 10-00 «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді.

Тақырыбы: «Ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар».

4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.

 

Ашық есік күніне қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес ала алады.

 

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mf24b0fed6aee24f653038292271bfcf1

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2511 111 0524

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 2026

 

        

 

 

 

 

 

 

 

БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге салады

Алдыңғы

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 октября 2025 года

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *