Басты ақпарат

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

0
Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау және халықтың табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген азаматтарға жаңа мүмкіндік беруде. Соның бірі 2023 жылы аталған бағдарлама аясында жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 7 200 000 теңге несие алған Ұялыжар ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Есболова Фарида.
Есболова Фарида несие қаражатын тиімді пайдалана отырып, жылқы басын көбейту бағытында бірқатар нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта оның қожалығында 12 бас жылқы, соның ішінде 11 аналық жылқы және 1 құлын бар. Мал басының артуы шаруашылықтың тұрақты дамуына және табыстың өсуіне ықпал етіп отыр.
Жем-шөп қоры толықтай кәсіпкердің өз қаражаты есебінен. Жалпы малдың қыс айына дайындығы уақтылы жүргізілген.
Жеке кәсіпкердің жылдық табысы бүгінде 1 500 000 теңгені құрайды.
Бағдарлама аясында қаржылай қолдау алған азаматтар арасындағы мұндай мысалдар ауылдық кәсіпкерлікті ынталандырып, өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде.
Есболова Фарида өз ісін әрі қарай кеңейту бағытында жұмыстар жүргізіп, алдағы уақытта жылқы басын тағы да көбейтуді жоспарлап отыр.

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *