Басты ақпарат

Ордабасы ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы: тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы жаңа мүмкіндіктер

0

Ордабасы ауданы үшін ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру – маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Бағдарлама ауыл тұрғындарына қолдау көрсету арқылы кәсіпкерлікті дамытуға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

2024 жылы жүргізілген скрининг жұмыстары нәтижесінде бағдарламаның III кезеңіне Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтері енгізілді. Бұл аудандағы тұрғындар үшін жаңа инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді ашты. 2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жобаға 152,2 млн теңге қаржыландырылды. Сонымен қатар, аталмыш төрт ауылдық округте 6 АӨК құрылып, 141,2 млн теңге қаржыландырылды.

Мысалы, Шұбарсу ауыл округінде «Алан Нұр» АӨК 29 млн теңгеге қаржыландырылды. Төрткүл ауыл округінде «Төрткүл-Құс» және «Төрткүл-Балық» АӨК-тері сәйкесінше 22 млн және 30 млн теңгеге іске асырылды. Бөген ауыл округінде «Бөген 2030» АӨК 20 млн теңгеге, Қажымұхан ауыл округінде «Бейнетқор» және «ЕлнұрАйдар» АӨК-тері 20 млн және 20,2 млн теңгеге құрылды.

Бағдарлама аясында жылыжай өнімдерінің көлемін арттыру да қолға алынды. Шұбарсу ауыл округінде арнайы жылыжай кешеніне 15 гектар жер телімі бөлініп, инфрақұрылым жүргізілді. Жылыжай салуға ниет білдірген 42 азаматтың 30-ы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5%-бен 250 млн теңге несие алып, қазіргі таңда жылыжайлары іске қосылып, өнімдері нарыққа шығарылуда.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрғындарға тек қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнімнің сапасы мен көлемін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның нәтижесінде ауылдық жерлерде экономикалық белсенділік артып, тұрғындардың табысы мен өмір сапасы жақсарады.

Қорытындылай келе, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосып отыр. Тұрғындардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту арқылы ауданның тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі.

Ордабасы ауданында мал шаруашылығын дамыту: өнім мен өсім көрсеткіштері

Алдыңғы

Ордабасы ауданының егін шаруашылығындағы жетістіктер

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *