Басты ақпарат

ОРДАБАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ СЕРПІНІ

0
Ордабасы ауданынан аудан әкімі Азат Оралбаевтың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Таншань қаласына делегация барды.
Сапардың негізгі мақсаты – екіжақты экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік бағыттарды айқындау болды.
Іссапар барысында делегация «Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD» компаниясының қызметімен танысты.
Аталған кәсіпорын мал сүйектерін өңдеу арқылы май және желатин компоненттерін өндіріп, түрлі өнім шығарады.
Келесі кезекте делегация «Chenlong» компаниясына барып, жасанды интеллект негізінде басқарылатын дрондар өндірісімен және авто-мектептің жұмыс жүйесімен танысты.
Бұдан бөлек, «Tangan» компаниясының машина жасау өндірісін аралап, төтенше жағдайларға арналған жабдықтар шығару орталығының қызметімен танысты. Аталған орталық жыл сайын 60 мыңнан астам түрлі жабдықтар өндіреді.
Сонымен қатар, делегация Таншань қаласындағы қалдықтарды өртеп, электр қуатын өндіретін компанияның жұмысын көріп, энергияның баламалы көздерін тиімді пайдалану тәжірибесін зерделеді.
Бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстарды тереңдетуге, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді және ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталды.
Айта кетерлігі «Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD» компаниясы мен Ордабасы ауданы әкімдігі арасында бұған дейін өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Келісім аясында әкімдік тарапынан жер телімі бөлініп, тиісті инженерлік-инфрақұрылым желілерін тарту және жобаны сүйемелдеу жұмыстары атқарылуда. Қазіргі уақытта кәсіпорынның құрылысы басталып, жобаның іске асырылуы кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚЫТАЙҒА ІСКЕРЛІК САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *