Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 30 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ҚОЙЫЛДЫ

0

Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кезекті сауда-саттық «Яссы» мөлтек ауданында өтті. Аптаның әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан сауда алаңында азық-түлік бағасы нарықтағыдан 30-50 пайызға дейін төмен саудаланды.

✔️Облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Жәрмеңке сөрелерінен Қазығұрт және Ордабасы аудандарының шаруалары, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және жергілікті кәсіпкерлер ұсынған жеміс-жидек, ет-сүт өнімдері қаймақ, жұмыртқа арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол.

✔️Қолжетімді бағадағы тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындарына 30 тоннадан астам ауыл шарушылығы өнімдері сатылды. Мәселен, картоп 140, пияз 85, сәбіз 140-теңгеден саудаланды. Ал, қырыққабаттың бағасы 100 теңге.
Сондай-ақ, сиыр етінің бағасы – 2500 теңге, тауық еті – 1100 теңге. Наның бағасы 80, жұмыртқаның данасы 45 теңгеден сатылды.

✔️ «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Бекжан Бисенбаевтың айтуынша, кезекті жәрмеңке 17-қазан күні «Шауғар» секторында (№22 мектеп маңы) ұйымдастырылады деп күтілуде. Онда Мақтаарал және жетісайлық шаруалардың экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдері ұсынылмақ.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды

Алдыңғы

«ДАМУ» ҚОРЫ ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *