Басты ақпарат

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ — ЭНЕРГЕТИКА МЕН ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ДАМЫТАДЫ

0

Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құ­ты­лып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жетеді. Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз.«Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет.
«Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Атом электр станциясы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. АЭС құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді», — деді ол.Кездесу барысында атом электр станциясы – көмірқышқыл газының шығарындыларын және көмірге тәуелділікті азайтудың ең тиімді жолдарының бірі екені айтылды. Сондай-ақ АЭС-тің көмір станцияларынан айырмашылығы жіктеліп, атом энергиясы табиғатқа зиян келтірмейтіндігі және экономикамыздың дамуына тың серпін беретіндігі сөз болды.
Бөген ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Шәмет

Келешекке арналған жоба

Алдыңғы

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *