Басты ақпарат

ҰСТАЗ АТЫ — БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК

0

Ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылған «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында еңбек сіңірген ұстаздармен кездесулер өтті.
Үлкендер жолы — ұлылық,
Ұрпағы жүрер ұғынып.
Қанық боп ұстаз сырына,
Кеш өтті сондай жылылық.


Ордабасы ауданының жалпы орта мектептерінде және балабақшаларда ардагер ұстаздарға арналған “Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік” атты кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ардагер ұстаздардың еткен еңбектері мен өнегелері насихатталды. Кездесу барысында қонақтар «Cыр-сұхбат» айдары бойынша ұжыммен сырласты, қызықты оқиғаларын баяндады. Балабақша өнерпаздары музыкалық қойылым қойып, жырдан шашу шашып, ән шырқады.


Кездесу соңында ардагер ұстаздар ұжымға жылы лебіздерін білдірсе, кәсіподақ ұйымының атынан оларға естелік сыйлықтар табысталды.
Бүкіл саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған, білім дәнін себуде мамандығына адалдық таныта білген ардагер ұстаздарымызға мың алғыс!

Қазақстанда атом электростанциясын салу жөнінде мемлекет басшысы халықтың ойын білдіру мақсатында ағымдағы жылы 6 — қазан күні референдум өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Алдыңғы

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ — ЭНЕРГЕТИКА МЕН ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІН ДАМЫТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *