Басты ақпарат

♻️ АЭС — ЭНЕРГЕТИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІН ШЕШУДЕ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

0

📣 Ордабасы ауданында АЭС салу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Ынталы топ өкілдері Ордабасы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бекетінің ұжымымен кездесті. Төтеншелік қызметкерлерімен өткен басқосуда АЭС салу мәселесіне қатысты референдум көздеген міндеттер талқыланды.
📣 Алғашқы болып сөз алған Жүсіп Лесбек Мұңсызбайұлы Қазақстанның қазіргі энергетикалық ахуалы, атом энергетикасының беретін мүмкіндіктеріне тоқталып, АЭС туралы ғалымдар мен сарапшылардың айтқан пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектесетінін, басқа мемлекеттерге саяси тәуелділікті арттыруға жол бермейтінін, атом энергетикасының заман талабына сай қажеттілік екеніне назар аударды.


💬 «Қазақстан халқы санының өсуі, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы электр энергиясын тұтынудың артуына алып келуде. Демек, осы ұлттық басымдықтардың барлығын жүзеге асыру үшін атом энергетикасына деген қажеттілік туындайды. Атом электр станциясының құрылысы нарықтағы электр энергиясының тапшылығын жойып, тозуға байланысты азайып бара жатқан генерацияланған жабдықпен толтыруға мүмкіндік береді», — деді ол.

💡 Басқосуда АЭС-ке қатысты жан-жақты пікірлер айтылып, өрт сөндірушілер де өз көзқарастарымен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап алды. Кездесу соңында ынталы топ мүшелері 6 қазан күні өтетін референдумда Қазақстанның азаматы ретінде таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.

«Алақандағы құндылық»

Алдыңғы

♻️ ЫНТАЛЫ ТОП: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *