Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен, жастар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ашық біріншілігі өткізілді.
Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан аудандық сайыста 14 аудан-қаладан 250-ге жуық жасөспірімдер қатысып, өзара бақ сынасты.
Спорт мектебі ұйымдастырып отырған бұл турнир – халық батыры Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына және ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ спортын дәріптеуге арналады. Абай заманынан дамып келе жатқан тоғызқұмалақ шынайы ұлттық өнерге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Баршаңызға бүгінгі сайыста сәттілік пен жетістіктер тілеймін, – деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Асанбаев.
Бұқаралық спортты насихаттау, балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында жоғары деңгейде өткізілген спорттық сайыста жүзден жүйрік боп, жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы дипломдар, сый-сияпаттар мен медальдар табысталды.
Comments