Ордабасы ауданының экономикасының негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы. Сол ішінде егін шаруашылығы ауданның аграрлық әлеуетін айқындайтын басты салалардың бірі болып табылады. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, өсімдік шаруашылығы саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.
Ағымдағы жылы аудан бойынша 71,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде масақты дақылдар – 30,1 мың га, дәнді жүгері – 7,0 мың га, көкөніс – 3,5 мың га, картоп – 357 га, майлы дақылдар – 5,4 мың га, мақта – 7,2 мың га, бақша – 1,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 16,1 мың га. Бұл дақылдардың жалпы өнім көлемі – 391,8 мың тонна.
Өнімнің нақты көрсеткіштері мынандай:
-
Масақты дақылдар – 41,3 мың тонна;
-
Көкөніс – 91,1 мың тонна;
-
Картоп – 7,4 мың тонна;
-
Майлы дақылдар – 4,5 мың тонна;
-
Бақша – 35,3 мың тонна;
-
Жүгері – 76,7 мың тонна;
-
Мақта – 22,5 мың тонна;
-
Мал азықтық дақылдар – 112,7 мың тонна.
Мал азығын өндірісін арттыру мақсатында 16,1 мың гектар жерге дақылдар егілді, бұл аудан шаруаларына мал азығын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егістік жерлерді өңдеу және тыңайтқышпен қамтамасыз ету үшін 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыш қолданылды.
Суармалы егістікті тиімді пайдалану ауданның өнім көлемін арттырудағы маңызды факторлардың бірі болып отыр. 2025 жылы 73 шаруа қожалығы 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді: 1 395 гектары тамшылатып суғару, 200 гектары жабырлатып суғару. Мысалы, Жеңіс ауыл округінен «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен мақта егіп, гектарына 45 центнерден өнім алды.
Ауданның егін шаруашылығын дамытуда заманауи техника мен технологияларды пайдалану маңызды рөл атқарады. 2025 жылдың 11 айында шаруалар 168 бірлік жаңа техника сатып алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір жоғары және жоспар 100% орындалды.
Сонымен қатар, суармалы жерлерді жақсарту мақсатында каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын 9 каналдың күрделі жөндеуі жүзеге асырылуда. Бұл шаралар суармалы жерлерді толық қамтамасыз етуге және мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді шаралар – ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға, заманауи технологияларды енгізуге және аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған маңызды стратегия болып отыр.



Comments