Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнінде дәстүрлі түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы, оның тетігінің егжей-тегжейін түсіндіру, кез келген қызықтырған сұрақтарға жауап беру мақсатында өз салымшыларын қабылдайды. Кезекті Ашық есік күніндегі басты тақырып – «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар».
Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап халықты әлеуметтік қорғау саласындағы барлық заңнамалық актілерді біріктірген, азаматтарды қолдауды және дүниеге келген сәттен бастап зейнетке шыққанға дейін мемлекеттік кепілдік беруді қамтамасыз ететін Әлеуметтік кодекс күшіне енді.
Кодекс мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы мен ұжымдық жауапкершілігін айқындайды. Ол елдің ерекшеліктерін, сондай-ақ, Еуроодақ заңнамасын қоса алғанда, үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.
ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем көлемін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейді.
Қор мамандары Ашық есік күніне қатысушылармен дәл осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.
Кездесуге қатысушылар мынадай сұрақтар қойды:
Әлеуметтік кодексте көзделген зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы жаңашылдықтар қандай? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады?
Қор мамандары сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, әрбір жаңашылдықтың маңыздылығын түсіндіріп, Әлеуметтік кодекс нормаларын іске асыру мысалдарын келтірді.
Іс-шара тақырыбы қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, белсенді пікірталас жағдайында өтті.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Comments