Ақпарат ағыны

1. Ерікті зейнетақы жарналарының салықтық артықшылықтары бар ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) қанша көлемде аударуға болады және ол қалай жүзеге асырылады?

0

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары салықтық артықшылықтарға ие. Мысалы, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.

Ерікті зейнетақы жарналары да міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланады және салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Алайда, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударуға құқылы, олар кірістілік пен тәуекелдің әртүрлі деңгейлері бар түрлі инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға 50% дейін аударуға болатын болса, онда ерікті зейнетақы жинақтарын басқаруға толық көлемде беруге болады. Жинақтарды ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі, оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны да өзгертуге болады. Бірақ оны жылына көп дегенде бір-ақ рет ауыстыруға болады. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу ЕЗЖ-ның тағы бір артықшылығы болып табылады.

Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде оңай бақылауға болады.

«БЖЗҚ» АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған өз зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және сол арқылы болашақта жоғары төлемдер алуға септігін тигізетіндігін ескертеді.

 

1. Что такое добровольные пенсионные взносы? Как правильно их перечислять?

Алдыңғы

1. Пользуются ли добровольные пенсионные взносы налоговыми преимуществами? В каком объеме их можно перевести УИП и как это сделать?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *