Ақпарат ағыны

1. Алдағы жылдары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қалай өзгереді?

0

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімді болуы мақсатында ЖМЗЖ жарнаны кезең-кезеңімен ұлғайта отырып аударылатын болады:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.

ЖМЗЖ-ны біртіндеп енгізу, сондай-ақ, оны салық салынатын табыстан шегеру жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдету үшін қарастырылған. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, ЖМЗЖ барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін дүниеге келгендер үшін төленеді. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу қызметкердің зейнетке шыққаннан кейінгі зейнетақымен қамсыздандырылу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

1. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында тиісті ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма? Шетелге тұрақты тұруға кеткен баланың оны алуға құқығы бар ма? Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда жинақтардың тағдыры қалай шешіледі?

Алдыңғы

1. Как будут меняться обязательные пенсионные взносы работодателя (ОПВР) в ближайшие годы?

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *