Ақпарат ағыныБасты ақпарат

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА САҚ БОЛАЙЫҚ

0

Ауа-райының қатты суып кетуіне байланысты аудан тұрғындары өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұранамыз.Өрттердің көбісі, тәжірибе көрсеткендей «адами фактор» себебі бойынша болады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері мыналар болып табылады: от жаққанда сақтық жасамау, өрт қауіпсіздік ережелерін білмеу және қадағаламау, тұрмыстағы электрлік және бөлмені жылытатын приборлар дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы, балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы.

Тұрғын үй секторларында өртке жол бермеу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауларын сұранамыз:

-тек қана отқа төзімдігі күшті кірпіші бар пешті жағу керек, пеш алдындағы еденге қаңылтыр темір қағылуы тиіс;

-от жағып жылыту кезеңінде мұржаның күлі тазартылып, әрбір 3 ай сайын тексеріп отыру керек; (себебі толған мұржа сыртқа тартпай, көмірдің иісі ішке ұрып, улы газдан улануға қауіп төндіреді)

-шатырдағы барлық түтін жолдары мен құбырды уақытылы тексеріп отыру қажет;

-жылыту пештері мен мұржаларды бақылап, қажеттілік туғанда жөндеу жүргізген абзал;

-пешті лапылдап жанатын сұйықтармен тұтатудан аулақ болған жөн (бензинмен, керосинмен);

-пешті қараусыз қалдырып, оны қадағалауды жас балаларға тапсырған дұрыс емес.

Егер үйіңізде электр арқылы бөлмені жылытатын құралды пайдалансаңыз, онда оны орнату мен пайдалану ережелерін білгеніңіз жөн:

-электр арқылы бөлмені жылытатын құралдың корпусы ақаусыз және қыздыру элементінің қоршалған конструкциясымен болуы тиіс;

-үйді жылытатын құралдардың ток көзін көп айналдыратын, және үйдің электр желісіне күш түсіретінін есте сақтаған жөн. Изоляцияның жанған иісінің пайда болуы, электр сымдары мен розеткаларының қатты қызуы, электр есептегіш қондырғысының сақтандырғышы жиі-жиі сөніп қалуы немесе күйіп кетуі – үйдегі электр желісіне ауыртпалықтың көп түскендігінің бірінші сипаты және бөлмені электрмен жылыту құбырын пайдалану өте қауіпті болады;

-бөлмені электрмен жылыту құралы құлап қалатын жерде болмауы керек және шығарған зауыттың талаптарына сәйкес болуы тиіс;

-бөлмені электрмен жылыту құралының үстінде киім-кешек кептіруге, оны жанғыш заттарға жақын орналастыруға болмайды;

-үйде балалар мен үй жануарлары болғанда бөлмені электрмен жылыту қондырғысын қараусыз қалдырмау керек, оны электр розеткасынан ағытуды ұмытпаңыздар.

 

 

 

        Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

       

 

 

 

 

БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 қарашадағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 21,7% өсті

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ — ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСУ ҮСТІНДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз...

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *